Латын әліпбиіне көшу — тіліміз үшін жасалған игі қадам. Ол Қазақстанның дамыған елдер қатарына қосылуын жылдамдатады. №6 колледжде өткен семинар-тренингке қатысқан педагогтардың ортақ пікірі осындай.
Жиында мемлекеттік тілдің болашағы жайында толғақты ойлар, өзекті мәселелер ортаға салынды. Ұстаздардың айтуынша, дер кезінде көтеріліп отырған латын қарпіне көшу мәселесі халық арасында, әсіресе, жастар қауымына аса қиындық туғыза қоймайды.
Ұстаздар қауымы технологияның төріне, өркениеттің өріне жетелейтін латын қарпінің ескі және жаңа нұсқаларын салыстырып, әрқайсысына жіті тоқталып өтті. Соңғы бекітілген үлгіде өз аты-жөндерін еш қиналмастан жазып шықты. Осылайша колледж педагогтары латын қарпіне көшу рухани жаңғырудың бір тармағы деген ортақ ойға келіп тарасты.
Әлия ӘДІЛБЕК