Шетелдік ғалымдар Елбасы мақаласын қолдайды

617

Шетелдік ғалымдар Қазақ Президентінің мақаласын қолдайды. Мақала негізінде қолға алған тірліктер оң нәтиже беріп, елдің еңсесі көтеріліп, ұлтық бояу қайта қалыптасады деп сенеді. Латын қарпіне көшу заман талабы екенін зерттеген ғалымдар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде бас қосты.

Ғылыми конференцияға Венгрия университетінің ректоры, Мәскеу педагогикалық университетінің профессорлары, Сочидегі Мода және бизнес университетінің ректоры және өзге де ғалымдар келді. 80 жылдық мерейтойды тойлаудан көрі ойлауға көбірек көңіл бөлініпті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына байланысты қолға алынған жобаларды дөңгелек үстелдерде жан-жақты талқылауда.

Сағынғали Әбубәкіров, ОҚМПУ профессоры: » Ұлттық код деген не, оның мағынасы не, қалай түсіну керек, құр әншейін жаңғыру демей ішкі сезіммен түйсіну керек. Оның мағынасы тереңде жатыр. Қазақ қазақ болғалы тарихымыздағы баяғы рухани құндылықтарға қозғау салу. Осы тақырыптарға байланысты дөңгелек үстелдер өтіп жатыр».

Түрлі секцияларға бөлінген дөңгелек үстелдерде талқы таразысына салынған тақырыптар аясы да кең. Ресей, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген ғалымдар осы мақалаға орай өздері ізденіп, жазып жүрген зерттеулерін көпшілік назарына ұсынды. Дөңгелек үстелдер пікірталас алаңына айналды.

Жүзімкүл Байымбетова, филология ғылымдарының кандидаты:»Осы дөңгелек үстел латын харпіне көшу туарлы болып отыр. Көптеген баяндамалар тыңдалуда. Студенттердің арасында қызу талдау болып жатыр. Жаһандану дәуірінде латын харпіне көшуді уақыт талап етіп отыр. Осыған орай көптеген тіл жанашырлары өздерінің пікірлерін айтып, зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Көптен ойластырылып, қарастырылып, түйіні шешілген мәселе».

Ел латын қарпіне көшіп жатқанда, сауаттылықты арттыру жүгі дал осы оқытушыларға түседі. Сондықтан да бүгінгі студент – ертеңгі болашақ ұстаздардың игілігі үшін ұйымдастырылатын шаралардың бастапқысы осы деп түсіндік. Ендігі мақсат – Елбасының жүктеген міндетін мінсіз етіп жастардың бойына сіңіру.