Сарыағаш аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жаз бойы мал ұрлығымен айналысқан қылмысты топты ұстады. Бір айта кетерлігі, күдіктілер тек есек ұрлығымен айналысқан екен. Полицияға жергілікті тұрғындар арызданып келіп, 5 есек ұрланғанын көрсеткен. Осы сияқты арыздармен полицияға он шақты жәбірленушілер арызданған. Барымташылар есекті жайылымдардан ұрлап отырыпты.
Аудандық тәртіп сақшылары жедел алдын алу іс-шарасы барысында 30 және 27 жастағы екі тұрғынды ұстады. Тергеу барысында күдіктілердің 20 мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Олар иесіз жатқан малдарды барымташылар жайылымнан ұрлап отырған. Әккі ұрылар есекті сойып, олардың терісін өткізіп, ақшасын өз керектеріне жұмсаған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі миллион теңгені құрап отыр.
Аталған жайт негізінде қылмысты кодекстің 188-бабы (ұрлық) бойынша іс қозғалды. Айғақ заттар тәркіленіп алынды.
Қазіргі таңда күдіктілер жәбірленушілерге келген шығынды толығымен өтеді. Соттың шешімі бойынша екі тарап келісімге келді.