Оңтүстіктің дихандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады

Оңтүстік Қазақстан облысында дәнді дақылды жинау жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл облыс диқандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолданудың нәтижесінде мол өнімге қол жеткізді. Мәселен, облыс бойынша 258,8 мың гектар жерге егілген дәнді дақылдан шаруалар 589 мың тонна өнім алған.

Мемлекеттің қолдауы мен шаруалардың еселі еңбегімен биыл қамбаға 400 мың тоннаға жуық астық құйылды. Оның ішінде 345 мың тоннасы бидай болса, арпа — 52 мың тонна. Одан өзге биыл дәндік жүгеріден гектарына 47,6 центнерден өнім алынып, 178 мың тонна жүгері жиналды.

Оңтүстіктің дихандары 600 мың тоннаға жуық дәнді дақыл жинады

Сырдария өзенінің сағасында орналасқан Мақтаарал мен Шардара аудандарының дихандары 2,2 мың га жерге күріш егіп, оның гектарынан 64,5 центнерден өнім алды, 14 мың тоннаға жуық күріш жинады. Осылайша биыл облыс бойынша дәнді дақылдардың көлемі 589 мың тоннаға жетті.

Жалпы күнгейлік шаруалар биыл әр гектардана орташа есппен 18,4 центнерден өнім жинады. Тіпті Мақтаарал мен Шардара, Түркістанда гектарына 30 центнерден өнім алып,  үздік нәтижеге қол жеткізді.

Егін шаруашылығын дамытуда шаруаларға мемлекет тарапынан қолдау күшейтілген. Жалпы жыл басынан бері тұқым шаруашылығын қолдау үшін минералды тыңайтқышқа 3 млрд, ал гербицитер мен биогенттерге  276 млн теңге көлемінде субсидия үлестірілген. Мемлекеттің мұндай қолдауына 10 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ие болды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі