ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

212
ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев ОҚО ішкі істер департаментінің базасында болып, сонда өтіп жатқан республикалық штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты.

Облыс әкіміне ішкі істер органының дайындығы мен қабілеттілік деңгейі және материалдық-техникалық базасы көрсетілді. Құқық қорғау саласының қызметкерлерімен тілдескен аймақ басшысы ішкі істер органының жұмысы заманауи техникамен қамтамасыз етілгенінде емес, мамандардың кәсібилігімен анықталатынын атап өтті.

ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

Айта кетейік, оқу-жаттығу шеңберінде дағдарыс жағдайы туындаған орындарға қысқы мезгілде операцияларды өткізу кезіндегі әрекеттерге құқыққорғау органдары күштерін жөнелту мәселелері пысықталады.

Мәселен, оқу-жаттығу барысында күш пен құралдарды басқаруды ұйымдастыру, мемлекеттік органдарды жедел хабардар ету, ведомстволық байланыс құралдарының және өзара байланысының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, әртүрлі қойылған тапсырмаларды орындаудағы  мемлекеттік органдардың өзара байланысы тексеріледі.

ОҚО әкімі штабтық оқу-жаттығудың барысымен танысты

Сондай-ақ, оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі төтенше жағдай кезіндегі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық қорғау органдарының жедел өзара іс-әрекеті пысықталады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі