Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат тонаған топ ұсталды

416
Мұнай құбырынан шикізат тонаған қылмысты топ ұсталды

Оңтүстікте мұнай құбырынан шикізат тонаумен айналысқан топ ұсталды. Оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Оңтүстік Қазақстан бойынша департаменті және прокуратураның бірлескен жедел-тергеу тобы ұстаған.

Күдіктілер «Қазтрансойл» акционерлік қоғамының Павлодар-Шымкент бағытындағы мұнай құбырынан шикізат ұрлаған дейді құзырлылар. 12 адамнан құралған қылмысты топ облыстың бірқатар аудандарында мұнай құбырын ойып, сол арқылы қара алтынды ұрлап келген. Ал мұнай құбырын күзетуді қамтамасыз еткен «КМГ-Секъюрити» ЖШС қызмкеткерлері де бұл қылмысты топтың құрамында болған.

Мұнай құбырынан шикізат тонаған қылмысты топ ұсталды

Қазіргі таңда оннан астам ұрлық фактісінің салдарынан жүздеген тонна мұнай жымқырылған. Қылмысты іске асыру барысында қалпына келтіру үшін миллиондаған теңгені қажет ететін мұнай құбырларына нұқсан келтірген. Ұрлықы мұнай Шымкент қаласы мен облыс өңірінде орналдасқан асфальт және битум өңдейтін зауыттардың өкілдеріне сатылған. Бұған қоса көршілес аймақтарға шығарылып, өңделіп, контрабандалық жолмен Қазақстан аумағынан шығарылып отырған.

Мұнай құбырынан шикізат тонаған қылмысты топ ұсталды

22 қараша күні өткен арнайы операцияның нәтижесінде қылмысты топтың 10 мүшесі ұсталды. Олардан мұнайды ұрлауға және өткізу орнына дейін тасымалдауға арналған құралдар мен тізбек цистернасы бар жүк тасымалдаушы автокөлік тәркіленіп алынған.

Қазіргі таңда қылмысты-процессуалды кодекстің 262-бабының 1 және 2-тармағымен, 188-бабының 3 және 4-тармақтарымен қылмысты іс қозғалды.