«Біржан — Сара». Облыстық опера және балет театры осындай тақырыптағы премьеаралық қойылымын сахналап, көрермен қауыммен қауышты. Күнгейдегі бекзат өнерді дәріптейтін бірегей өнер ошағы көрнекті композитор Мұқан Төлебаевтың туындысын ұсынып, тарихтың тың тарауларын түгендеді.
Сөздің асылы — айтыс өнері. Сезімнің сыйқыры, қоғам қатігездігі. Жай емес, кәнігі тарихи шытырман «Біржан — Сара» спеектаклінде көрініс тауып, келген көпшілік шынайы рухани күрестің күрмеуіне куә болды.
Үрәлхан Сейілбекова — облыстық опера және балет театрының әйгілі әртісі. Өнер иесі айтулы операда Сараны сомдады. Шығарманы шебер шырқауы — кейіпкерінің жан-дүниесін, сыр-сезімін жүрекпен ұғуын құнттаса керек.
«Біржан — Сара» лирикалық-драмалық операсында ХІХ ғасырдағы уақиға баяндалады. Заманының белгілі ақыны, әнші-сазгер Біржан салдың өміржолы мен дүние-дәйегі, сондай-ақ Сара ақынмен айтысы да көрініс тапқан. Тарихтың шынайы шеңбері — Біржан мен Жанбота болыстың арасындағы күрес те шығамармадан шет қалмапты. Қойылымының режиссері – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Асанбеков болса, қоюшы суретшісі — Бақыт Күзембаев.
Сонымен, қазақтың белгілі жазушысы Қажым Жұмалиевтің либреттосына жазған «Біржан — Сара» операсын сахналау үшін ұжым бір емес, 6 ай уақытын арнады. Айта өтетін ақпарат, бүгінде қызметін бастағанына 9 жылдан асқан облыстық опера және балет театрында 217 адам қызмет етеді. Оның 147-сі шығармашылық ұжым.
Мөлдір Бекеева