Сүгір атындағы ұлттық аспаптар оркестріне — 15 жыл

986
Сүгір атындағы ұлттық аспаптар оркестріне - 15 жыл

Биыл Сүгір атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанына — 15 жыл. Өнер ұжымы өзінің мерейтойының құрметіне орай елге, тыңдарман қауымға есеп берді. Өнер ұжымы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жанынан құрылған.

Бір емес, он бес жылдық жұмыстың нәтижесі бұл. Оркестрдің алғашқы дирижері, қазақ өнеріне еңбек сіңірген Мұсабек Жарқынбековтың асқақ арманы қазір шынайы өнердің шаңырағына айналғаны қуантады. Аз уақытта ұжымның керегесі керемет күймен кеңейіп, бақаны талантты өнерпаздармен бекіп үлгерді.

Сүгір атындағы ұлттық аспаптар оркестріне - 15 жыл

Арман Кекішевтің — оркестр жасағында жауапты жұмыст. Ұрмалы-үрмелі сазды аспапта тізгіндеп жүргеніне 15 жылдың жүзі болды. Өнер иесінің айтуынша, сазды аспаптың сыйқырын меңгеріп, тыңдарманға тарту етудің өзіндік құпиясы бар.

Сүгір атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі бұл кеште Сүгірдің сүбелі күйлерімен қоса Махамбеттің мақамын да ұмыт қалдырған жоқ. Халық өнері — ұлттық сазды аспаптарды етене дәріптеді. Шетелдік шығармалар да шет қалмады.

Сүгір атындағы ұлттық аспаптар оркестріне - 15 жыл

Бүгінде қазақтың ғана емес, әлемдік шығармаларды шебер орындап, тыңдарманның үдесінен шығып жүрген оркестрде 47 өнерпаз қызмет етеді. Ал 15 жылдың ішінде өнер ұжымының күй-қоржыны 500-ге тарта шығармамен толыққан.

Мөлдір Бекеева