Барлығы да клиенттер үшін. Бұл — Сбербанктің құндылықтарының бірі. Қаржы институтының Шымкентте тағы екі смарт-кеңсесі ашылды. Банктің корпоративті принцптеріне деген адалдығына тәнті болған клиенттер Сбербанктегі қаржылық қызмет көрсетудегі инновациялық бастамаларына таң қалды.
Уақыт — қайтарылмайтын ең қымбат ресурс. Сбербанк өз клиенттерінің уақытын қадірлейді. Жаңадан ашылған Сбербанктің екі смарт-кеңсесінде қаржылық қызмет көрстеудің инновациялық тәсілдері тиімді қолға алынған.
Еркебұлан Әбуов, «Сбербанк» АҚ филиалының директоры: «Бұл бөлімшелердің ерекешеліктері де сол — мұнда видеобанкинг, электронды кассир және онлайн қызмет көрсетіледі. Сондықтан бүгінгі ашылған екі кеңсе клиенттер үшін тиімді болады. Бұл жаңалық тек Шымкентте ғана. Біз смарт-кеңсемізді ең алдымен Шымкентте ашып отырмыз.»
Сбербанктің смарт-кеңселері заманауи түрде жабдықталған. Оны кез келген адам қолдана алады. Дәл осы жерде планшеттін көмегімен клиент менеджер арқылы интернет-банкингті игере алады. Үйден шықпай-ақ Сбербанктің қызметтерін пайдалануға бұл зор мүмкіндік.
Лариса Максимова, Шымкент қаласының тұрғыны: «Бұл өте ыңғайлы екен. Кезек күтіп шаршамайсың. Электронды қызметке жүгінсең, аз уақытың кетеді. Көркейе бер, Сбербанк! Клиенттер қатарының көбейетiніне сенемін.»
Сбербанк Қазақстанда 11 жылдан бері табысты жұмыс жасап келеді. Ал жаңа смарт-кеңселер таңғы 9-дан кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді. Сенбі күні сағат 10:00-ден 15:00-ге дейін ашық. Айтпақшы, смарт-кеңселерде көп қызметті банкоматтар бар. Тәулік бойы ақша алуға, аударым жасауға, айыппұл мен салықты, несиені төлеуге, коммуналдық қызмет үшін төлем жасауға болады.
Мекенжайы: Рысқұлов көшесі, 10 А, «Автомир» СҮ; Қонаев даңғылы, ОӘД.
№1.2.199/93/31 лицензияны ҚР Ұлттық банкі 23.12.2014 жылы берген.
Жанар Есенбекова