Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды

807
Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды

Биыл Қазақтың тұңғыш халық әртісі, кәсіби режиссері, драматург Жұмат Шаниннің туғанына 125 жыл толды.

Тарихи датаға орай күнгейде бірқатар игі жоба қолға алынып, жүзеге асты. Солардың бірі — «Театр дәнін тамырлатқан тарлан» тақырыбымен өрбіген еске алу шарасына еліміздегі мәдениет майталмандарымен қатар күнгейлік зиялы қауым өкілдері арнайы келді. Сондай-ақ, Жұмат Шаниннің шалғайдағы ұрпақтары да мәдени бастаманың төрінен табылды.

Бұл күні қаламыздағы Нұрсәт шағынауданындағы қазақтың тұңғыш халық әртісінің құрметіне есімі берілген көшеге көпшілік жай жиналған жоқ. Кәсіби режиссер, драматург Жұмат Шаниннің тақташасының ашылу салтанатына арнайы бұрылып, тарихи сәттің куәгері болды. Айтулы шараға жерлестеріміз, зиялы қауым өкілдерімен қатар, өңіріміздегі мәдениет ошақтарының өкілдері және ұрпақтары шақырылған. Осынау өнер иесінің құрмет тақташасына Ж.Шаниннің есімі берілген театр ұжымының өзі демеушілік жасапты.

Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды

Қайраткерлердің құрметіне әзірленген көрмені тамашалаған қауым қазақ зиялыларының өмір жолына үңілді. Дәйекті дүниеде ұлт болашағы үшін өмірін тәуекелге тіккен боздақтардың фотосы мен құжаттары таныстырылды.

Халықтың ұлттық өнерін дәріптеп, қазақ сахнасында театр танымын танытқан тұлғаның 125 жылдығы аясында Ж.Шаниннің өмірдерегін ұсыну мұнымен шектелген жоқ. Шөбере-ұрпақтары жергілікті жорналшылармен арнайы кездесіп, тарихтың тың тарауларын түгендеді. Бұған дейін еш жерде жарияланбаған жазбаларды да жіліктеп жеткізді.

Шымкентте Жұмат Шаниннің естелік тақтайшасы ашылды

«Театр дәнін тамырлатқан тарлан» тақырыбымен өрбіген осынау еске алу шарасында «қара шаңырақ»- Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма автордың «Арқалық батыр» премьералық спектаклін сахналады.

Қойылымның қоюшы-режиссері Асқар Алтынбеков, ал шығармашылық топтың айтуынша. Осыдан 25 жыл бұрын көрерменге ұсынылып, бүгінде жаңа бағытта жұртшылыққа жол тартқан тарихи еңбекке енгізілген аз-кем өзгерістер де бар.

Айта өтетін ақпарат, бүгінде 84 жылдық тарихы бар осы театрда 146 адам қызмет етеді. Оның 50-і – шығармашылық ұжым. Театр тарланы ұрпақтарының айтуынша, жуырда бабаларының өмірбаяны, ондағы келелі мәселелер мен елге еткен еңбегі баяндалатын жаңа тағы бір тың жинақ жарық көруі мүмкін.

Мөлдір Бекеева