Шымкентте театр апталығы жүріп жатыр

741
Ж.Шанин атындағы қазақ-драма театры
Ж.Шанин атындағы қазақ-драма театры
Ж.Шанин атындағы қазақ-драма театры

21-маусымда Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театры 79-шы маусымын жабады. Аз уақытқа демалысқа шығатын өнер ұжымы келесі маусымашарда көрермендер үшін тың қойылым ұсынбақ. Оған дайындық жұмысы басталып та кетті.

Маусымжабар алдындағы шараның негізгісі жыл бойы сахналанған қойылымдардың ең таңдаулысын көрермендер назарына қайта ұсыну. Жылы қабылдаған спектакльдердің көш басында «Бір түп алма ағашы» қойылымы тұр. Бүгінгінің күйбең тірлігі айқын көрінген көріністі іш тарта отырып көрген жамағат көп.

Айжамал Толыбаева, зейнеткер: «Театрдың әрбір қойылымын қалт жібермеймін. Күнде болса, күнде келем. Репертуары да жақсы ұжымның. Көпшіліктің көңілінен шығатын тың дүниелер  жасауда үздіксіз ізденісте ұжым. Әсіресе, жастарға тәрбие берер дүниелер көп».

Маусым жабылғанымен театр ұжымы келесі маусымашарға деген дайындықты бүгіннен бастап жіберген. Жоспарда балаларға арналған арнайы қойылым мен классикалық туындыны сахналау бар. ол үшін әрине үлкен шығармашылық ізденіс керек.

«Жаңа  маусымда балаларға арналған туынды дайындамақпыз. Театрдың 80 жылдығы болғандықтан жаңа 80-ші маусымы да айрықша болуы керек. Біздің дайындығымыз да, ізденісіміз де ерекше болуы тиіс деп білемін,»- дейді Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі, қоюшы режиссер Иманәлі Сапар.

Театрдағы ең үлкен мереке маусымашар мен маусым жабар. Бұл әртістер үшін нағыз шығармашылықты қорытып, өз-өзіне есеп беру. Дегенмен биылғы жылы қара шаңырақ қазақ театры жақсы дүниелермен жамағаттың жүрегіне жол сала білді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bSxWbHCiIS8[/youtube]