ОҚО полицейлері калта ұрлығымен айналысқан екі күдіктіні ұстады. Биылғы соңғы айларда Сайрам аудандық ішкі істер бөліміне онға жуық жергілікті тұрғын арызданған. Олар белгісіз біреулер ұялы телефондарын және бағалы заттарын ұрлағаны туралы көрсеткен.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде 1994 және 1983 жыл туған Шымкент қаласының тұрғындарын ұстады, олар бұрын сотты болған. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктілердің шамамен 20 жайтқа қатысы барын анықтады. Жалпы келтірілген шығын көлемі миллион теңгеге жуық болып отыр.
Айғақты заттар ретінде жәбірленушілерге тиесілі ұялы телефондар мен басқа да бағалы заттар тәркіленді. Ұсталған күдіктілер қамауда. Қылмысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.