11 айда 100 мың жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

390
11 айда 100 мың жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысытық ішкі істер департаментінің өңдеу орталығы 100 мыңнан астам жол қозғалысын басқару ережесін бұзу фактілерін анықтады. Шымкенттің көшелерінде 40-тан астам жол қозғалысын басқару жүйесі бар. Олар жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттарын анықтайтын «Редспид» жылдамдық өлшеуіш құралы, «Интегра» зияткерлік көше қиылысы және жол қозғалысын бақылайтын «Крис П» жүйелері.

Бұл жүйе жол қозғалысын басқару ережесін бұзу фактілерін тәулік бойы ішкі істер департаментінің процессингілік орталығына жолдайды. Тіркелген құқықбұзушылық туралы ақпараттар айыппұлды төлеу үшін конверт арқылы жүргізушінің мекенжайына жіберіледі. Айыппұлды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымдағы әкімшілік құжат жұмыс орнына және сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіру үшін жолданады.

11 айда 100 мың жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

2017 жылдың 11 айындағы бойынша процессингілік орталықтың бақылауымен жол қозғалысы ережесін бұзудың 100 мың фактісі тіркелген. Құқық бұзушылардың мекенжайына айыппұл төлеу туралы 77 мың ұйғарым жіберілді. Бүгінгі таңда 870 млн тенгеден астам әкімшілік айыппұл облыстық бюджетке өндірілді.

11 айда 100 мың жол жүру ережесін бұзу оқиғасы тіркелген

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, процессингілік орталық төтенше жағдайларға ұшырататын және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын жол ережелерін бұзу жайттарын анықтауға бақылау жасайды. Автоматтық режимде жол қозғалысын басқару ережесін бұзған автокөлікті тоқтатпай-ақ анықтау полицейлер мен жол қозғалысына қатысушылардың қарым-қатынасын азайтып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермейді дейді тәртіп сақшылары.