Электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін

Жаңа жылдан бастап электр энергиясының тарифі өзгеруі мүмкін. Шымкенттегі оқушылар сарайында «Энергопоток» ЖШС-нің тарифті өзгерту жобасын ұсыну жөнінде қоғамдық тыңдау өтті. Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған тыңдауда компания өкілдері тарифтің көтерілуіне негіз болған себептерді ашық айтты.

Электр энергиясының тарифі қымбаттауы мүмкін

Ол электр станцияларының сату бағасын жоғарылатуы, электр энергиясын тасымалдау құнының көтерілуі және жабдықтау үстемесі шығындарының өтелмеуі. «Энергопоток» ЖШС-нің ұсынысы қабылданса, онда келер жылдан бастап оңтүстікқазақстандық тұтынушылар электр энергиясы үшін басқаша төлем жасайтын болады.