«Жаңа күн» бағдарламасының бүгінгі қонағы – Шымкент кедендік рәсімдеу орталығы кеден бекетінің басшысы Асқар Мырзабаев.

– Атқарып отырған жұмыстарыңыз туралыайтып өтсеңіз… Биылғы жыл кедендік бекет үшін қалай өтті?

– Мемлекеттік кірістер департаментінің алға қойған тапсырмаларының барлығы толығымен орындалуда. 11 айдың қорытындысы нәтижеленді. 1 айдың нәтижесі жылдың басында белгілі болады. Қазіргі таңда Шымкент кедендік рәсімдеу орталығы кеден бекетіне жоспар 42 миллиард төлемдер мен салықтарды өндіру көзделген болса соның 11 айында 43,7 млрд өндірілді. Жоспар 102 пайызға орындалды. Жылдың соңына дейін жоспар артығымен орындалады деп сенім білдіремін. Былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылы тауар айналымы 1 миллиард 440 миллион долларды құрады. Оның 640 миллионы доллары экспорт тауарлары, ал 800 миллионы доллары импорт тауарлары болып табылады. Сонымен қатар рәсімделген тауарларға арналған 13 мың 644 декларацияны құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2 400 декларацияға жоғары. Жұмыс нәтижелі болды. Қазіргі таңда 164 кедендік бұзушылық анықталды. 13 миллион теңге айыппұл салынып өндірілді. 328 миллион тауардың сомасы тәркіленді мемлекеттік бюджетке.

– Кедендік бұзушылықтар қандай істер бойынша….

– Әр декларациясының берілу мерзімі болады. Оны уақытылы білмегендігінен өткізбейді. Кейбір тауарларды кемітіп, көрсетпей алып келеді. Сол кезде анықталатын кедендік бұзушылықтар. Кедендік тексеруді инспектор өзінің айтуымен ғана жүргізу мүмкін емес. Қазіргі таңда кеден органдарында тәуекелді басқару жүйесі компоненттері жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз кеден органы инспекторы өз еркімен кедендік тексеруді «тексере саламын» деп қызметке қатысушыға айта алмайды.

– Жалпы бізде қанша кеден бекеті бар?

– Оңтүстік Қазақстан облысында 10 кеден бекеті бар. Үшеуі Шымкент қаласында. Біреуі Түркістан қаласында. 6 кеден бекеті Өзбекстанмен арадағы мемлекеттік шекарада.

– Салық өндірілді дедіңіз, олардың дені қай тауарлар бойынша…

– Негізінен бізде мұнай және мұнай өнімдері экспортталады. Нидерланды және Еуропа мемлекеттеріне экспортталады. Бүкіл импорт тауарлардың 53 пайызы Қытай мемлекетінен келеді. Ол қондырғылар, металл жабдықтары, доңғалақтар, ойыншықтар, жаңа жылға керекті туауарлар, Өзбекстаннан жеңіл көліктер әкелінуде. Басты тауарлар Қытайдан келсе, екінші орында Өзбекстан.

– Қытайдан келетін тауарлардың сапасын тексеру сіздердің құзырларыңызға кірмей ме?

– 2016 жылдың тамыз айынан бастап Үкімет қаулысына сәйкес қазіргі таңда бизнеске қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық бақылаушы органдар ол ветеринар, санитарлы карантин, көліктік бақылау органдары Шымкент кедендік рәсімдеу орталығында «бір терезе» қағидасы бойынша орналастырылған. Бұл дегеніңіз – бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін кедендік рәсімдеу қажет кезінде біз қажетті құжаттарды сұранамыз. Тауардың сапасы бойынша. Бұрын қатысушылар бүкіл қаланы кезіп анықтаманы іздейтін еді. Қазір олар біздің кеден бекетінде орталықтандырылған «бір терезенің» пайдасын көріп отыр.

– Қытайдан әкелінетін ойыншықтарға шағым көп түседі. Осы бойынша не айтасыз?

– Кедендік рәсімдеу барысында сол құжат қажет болатын болса бақылаушы органға жібереміз. «Осы затты тексертіп алып келіңіз, бұл зат халыққа ешқандай зиянын тигізбейді» деген құжат алып келіңіздер деп жолдаймыз. Олар сол жақтан сертификат алып келсе біз өткіземіз.

– Сол құжатқа күдік тудырған жағдай бола ма?

– Әр тауардың өзінің кодына сәйкес сол құжатты мемлекеттен кіргізіп қояды осы тауарға әлбетте сертификат қажет деп. Сол кезде біз сертификатсыз рәсімдемейміз.