Шымкенттегі Ахмет Байтұрсынов көшесіндегі №90А үйдің тұрғындары екі күнен бері көгілдір отынсыз отыр. Мұнда ауа тазартқыш жүйе істен шығыпты. Тұрғындардың айтуынша, қатты дауыс шығып, зәрелерін ұшырған. Бірден «ҚазТрансГаз» мекемесіне хабар беріпті, жауаптылар қауіпсіздік шарасын қарастырып, көпқабыты үйді көгілдір отынан ажыратып тастаған.
Оқиға орнына жедел жеткен арнайы топ ауа тарту жүйесінен шықан қатты дауысты іздестіруге кірісті. Көпқабатты үйдегі 135 пәтерді зерделегенде белгілі болғаны, №106 пәтер иесі жақында ғана ас бөлмесіне су жылытқыш орнатқан екен. Міне, сол қондырғыдан шығатын улы газ үйдің ауа сорғыш жүйесіне жалғаныпты. Төтенше жағдай басқармасының мамандары ол бүкіл үй тұрғындарына өте қауіпті дейді.
Газ қондырғыларының сапасын тексеріп, ақауын жоюға қызымет көрсететін «Зенит» ЖШС мамандары барлық пәтерлері аралауға кірісті. Айтуларынша, пәтерлерге қойылған барлық су жылытқыш және жеке қазандықтардың мұржалары талапқа сай емес, адам өміріне қауіпті дейді. Енді осы үй толық тексеруден өткізіліп, газ құрылғыларына жауап беру үшін «Омега-21» мекемесімен келісім-шартқа тұрмай көгілдір отынға қосылмайды екен.
Бүгін үшінші күн көгілдір отынсыз қалған 135 мәтердің 85 пайызы тексерілді. Сала мамандары күн соңына дейін жұмысты аяқтап, көпшіліке газ беруге уәде берді.
Нұрлан Күдерұлы