Шымкентте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қамқорлық апталығы басталды. Апта бойы оларға арналған қоғамдық орта жіті тексеруден өтеді. Жергілікті полиция қызметі ұйымдастырып отырған акция аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалған бағдаршамдар мен олардың көлігіне арналған тұрақтар және қоғамдық көліктердегі орындықтар қатаң қадағаланады.
Сала мамандарының айтуынша, Шымкент қаласында 187 бағдаршам болса, соның 40-на дауысты бағдаршам құралы, 13-де дыбысты бағдаршам көздері қойылыпты. Сондай-ақ, әлеуметік маңызы бар нысандардың маңындағы 40 автотұрақта мүгедек жандардың көліктеріне арнайы ұйымдастырылған. Бұл милионға жуық тұрғыны бар Шымкент қаласы үшін өте аз көрсеткіш.
Сондықтан дәл осы саладағы жұмыстарды жандандыру жоспары көп. Әзірге тым болмағанда осы апталықта қаланың кез келген тұрғыны мүмкіндігі шектеулі азаматарға түсіністікпен қарап, қол ұшын созуы тиіс.