Мемлекет басшысымен телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цех іске қосылды

412
телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цехты іске қосты

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында Шымкент қаласындағы «Химфарм» акционерлік қоғамының қатты дәрілер шығаратын цехын іске қосты. Жалпы құны 13,5 млн АҚШ доллары болатын бұл жоба кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жүзеге асырылған. Өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, қалған 20 пайызы экспортқа жіберіледі деп жоспарлануда.

Қатты дәрі шығаратын өндіріс цехы заманауи құрылғылармен жабдықталған. Мұнда 72 адам жұмыспен қамтылса, олардың басым бөлігі арнайы Polpharma тобының үздік өндіріс орындарында оқып келген. Бұл жоба Шымкенттегі инвестициялық жобаның маңызды бір бөлігі болып табылады.

Мемлекет басшысымен телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цех іске қосылды

Компанияның бас директоры Ижи Урбанец осымен төртінші цехтың ашылып отырғанын жеткізді.

— Біз жалпы көлемі 108 млн доллар көлемінде инвестиция құюды жоспарлап отырмыз. Жаңа цехты іске қосқаннан кейін біз экспорттық әлеуетімізді 5 млрд теңгеге жеткізе аламыз. «Химфармның» атынан фармацевтикалық саланы қолдап, инвесторларға ыңғайлы жағдай жасағаныңыз үшін алғыс айтамыз, — деді Ижи Урбанец.

Бүгінгі таңда зауытта 1200-ден астам жоғары білікті маман жұмыс істейді. Өндірістің барлығы әлемдік сапа стандартына сай келеді. «Химфарм» АҚ жобалары Президенттің фармацевтикалық саладағы отандық өндіріс үлесін арттыру тапсырмасымен индустриаландыру және жаһандық жаңару бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысымен телекөпір барысында Шымкенттегі 20 миллион қорап дәрі шығаратын цех іске қосылды

Салалық GMP стандарына толық сай келетінін бұл цехта жылына түрлі дертті емдеуге арналған 20 миллионнан астам қорап дәрі шығарылады. Алдағы уақытта цех жылына 600 миллион таблетка шығаруды жоспарлап отыр. Оған мүмкіндігіміз толық жетеді дейді компания өкілдері.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі