Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Шымкент қаласында облыстың әр түкпірінен келген балаларға арналған Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекелік шыршаға қатысқан балаларға телеэкран арқылы Елбасының арнайы құттықтауы көрсетіліп, «Асқақ ордам – Астана» атауымен шырағын жаққан жасыл шырша жанында халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған бишілер мен бүлдіршіндер өнер көрсетті.

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев балаларды мерекемен құттықтап, Президенттің атынан 200 балаға қыстық жылы киімдер мен ноутбук үлестірді.

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

– Сіздер бүгін Президенттік жаңа жыл шыршасына қатысып отырсыздар!  Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздің жарқын болашағы – сіздерге деген үлкен құрметі. Жаңа жыл – барша қазақстандықтарға және көптеген мемлекеттер үшін де ерекше ықылас, зор үмітпен келер жылдан жақсылық күтетін мереке. Бүгінгі мереке мен сыйлықтар сендерге естен кетпейтін, ерекше жарқын күн сыйласын. Мен сендерге зор денсаулық, бақыт тілеймін. Жаңа жыл құтты болсын!, – деді әкім.

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

2017 жылды Оңтүстіктің оқушылары толымды жетістіктермен қорытындылап отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыс орталығында 1 маусым күні балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі тұңғыш рет өткізіліп, республикалық деңгейде жоғарғы бағаға ие болды.

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Сондай-ақ, республикада тұңғыш рет «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» атты шығармашылық кино фестивалі Оңтүстік өңірде бірінші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде облыстың командасы ІІ жүлделі орынды иеленді.

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Оңтүстік балғындарына арналған Президенттік шырша кеші өтті

Жалпы білім беретін пәндердің жаратылыстану-математика бағыты бойынша өткен республикалық олимпиадада Оңтүстік Қазақстан облысынан қатысқан 40 оқушының 16-ы жүлдегер атанса, қоғамдық – гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша қатысқан 35 оқушының 14-і жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, Президенттік олимпиадаға облыстан қатысқан 8 оқушының 4-еуі үздік шықты. Қорыта келгенде халықаралық, республикалық интеллектуалдық конкурстарға біздің облыстан қатысқан 6673 оқушы жеңімпаз атанды.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі