Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

73
Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында қайырымдылық қаржысының бір бөлігі науқас 9 баланың ем-домына жұмсау үшін олардың ата-аналарына берілді.

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Бұл қаржы Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқы болуымен қараша айында өткен «Қайырымдылық – қайырлы іс» форумы аясында жиналған болатын.

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Облыстық қоғамдық келісім кеңесінің отырысына арнайы шақырылған ата-аналарға қаржыны (әр балаға 400 мың теңгеден) кеңес мүшесі, облыстық мәлихаттың депутаты Әбілқасым Досболов табыстады.

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Өз кезегінде жаны жомарт жандардың жанашырлығына ризалығын жеткізген ата-аналар осындай игі іске бастамашы болған облыстық ассамблеяға және мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді емдеуге, оңалтуға қол ұшын созған барша азаматтарға айрықша алғыстарын білдірді.

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 28 қарашада өткен қайырымдылық форумында 2,5 млн. теңге 5 баланы емдеу үшін олардың ата-аналарына (әрқайсына 500 мың теңгеден) берілген болатын.

Оңтүстік тұрғындары 9 балаға көмек көрсетті