Оңтүстікте Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысында Астананың 20 жылдығы мерекесіне орай кілемдер көрмесі ұйымдастырылды. «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты салтанатты ісшарада «Бал Текстиль» компаниясы Елорданың 20 жылдығына орай бас қаланың ең ерекше тұстары мен әсем ғимараттары бейнеленген кілемдерін ел назарына ұсындыОтандық өнімдер қойылған көрмеге облыс әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы қатысыпжиналғандарды мерекемен құттықтады.

Оңтүстікте Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Көрмеге қойылған кілемдердің біразында Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленсеқалғандарында Астана қаласындағы келбеті келіскен АқордаБайтерекХан шатыры, үкімет үйіорталық мешіт секілді ғимараттар көрініс тапқанКәсіпорын басшылығы арнайы дайындалған 20 кілемді жасап шығуға бір апта уақыт жұмсағандарын айтады.

Оңтүстікте Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Айта кетейікбүгінде «БалТекстиль» компаниясы еліміздің тоқыма өнеркәсібін өркендетіп отырған кәсіпорынҚазіргі таңда мұнда 2 мыңға жуық кілем түрі тоқылады. Жалпы аумағы 6 гектарды алып жатқан фабрика жылына 5 млн шаршы метр кілем шығара алады. 2013 жылы іске қосылған кәсіпорын бүгінге дейін 9 млн шаршы метр кілем шығарып, 6 млн шаршы метр пропилен жібін өндірген.

Оңтүстікте Астананың ерекше сәулеті бейнеленген кілемдер көрмесі өтті

Сондай-ақ, өңіріміздің суретшілері де Тәуелсіздікке деген құрметін фотокөрме арқылы білдірді. Елбасы мен елордадағы көз тартар көркем ғимараттардың фотосуреттері бейнеленген өнер иелерінің туындылары көптің көңілінен шықты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі