Жаңа 2018 жылды «Оңтүстік Рабат», «Рабат» газеттері редакциясының ұжымы жақсы жетістіктермен қарсы алуда. Орыс және қазақ тілінде шығатын басылымның жалпы оқырмандарының саны 13 мыңға жеткен. Тұрақты оқырмандары көрсеткен қолдау үшін ризашылығын білдірген ұжым сүйікті газеттеріңізге жазылу жалғасып жатқанын ескертеді.
«Оңтүстік Рабат» газеті редакциясының ұжымы басылымның кезекті санын дайындау үстінде. «Шындықтың қайнар бұлағы, халықтың көзі, құлағы» ұстанымына берік тілшілердің тілегі — оқырмандардың көңілінен шығу.
«Оңтүстік Рабат» пен «Рабат» газеттерінің тілшілері шетелде, республикада, аймақтар мен өлкелерде орын алған оқиғалардан жерлестерін ақпараттандырып қана қоймай, оқырмандарды толғандыратын тақырыпты ашуға тырысады. Әсіресе, сіздер жолдайтын әр сауалды жауапсыз қалдырмауды мақсат еткен.
Фарида Шарафутдинова, «Рабат» газетінің шеф-редакторы: «Құрметті оқырман! Бізбен болғаныңыз үшін үлкен рахмет! Өйткені газетке жазылып, сіздер бізге қолдау көрсетіп жатырсыздар. Әр бет сіздердің сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз бойынша жиналады. Мақалалар өңіріміздің өркендеп дамуына үлес қосқан, өздеріңіздің араларыңызда жүрген еңбеккерлерге арналады. Зейнетақы, жәрдемақы, коммуналды және салық төлемдеріне қатысты сұрақтарыңызға мамандар арқылы жауап беруге тырысамыз. «Халық шындықты білуге құқылы деген ұранды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, осы ұстанымнан таймаймыз. «Рабат» газетіне жазылыңыздар, еш өкінбейсіздер.
2018 жылдың бірінші жарты жылдығына жазылу науқанының нәтижесі бойынша қос басылым 13 мың оқырман жинады. Бұл дегеніңіз үлкен жауапкершілік дейді редакция қызметкерлері. Ендігі мақсат — апта сайын оқырманға жол тартатын газеттің бетін маңызды ақпаратпен толтыру.