Пара алған деп айыпталған экс-шенеуніктердің соты басталды

320
Пара алған деп айыпталған экс-шенеуніктердің соты басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында қылмысты топ құрып, жүйелі түрде пара алған деген айыппен шенеуніктерге қатысты сот отырысы басталды. Абай аудандық сотында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары С.Полатов пен тағы төрт шенеунікке пара алу бойынша айып тағылды.

Сотқа қатысқан мемлекеттік айыптаушының сөзінше, топ мүшелері халықты нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына бөлінген қаржыны беру кезінде әр түрлі пайызда пара алып отырған. Полатов басқарған топ «Лидер — ПРО» оқу орталығынан кесілім-шартты жүзеге асыру үшін ақша талап еткен дейді айыптаушылар. Қысқа мерзімде мамандар даярлайтын орталық мемлекет қаржысына қол жеткізуі үшін жалпы сомадан 20-30 пайызға дейін пара беруге мәжбүр болған. Осылайша 6 млн теңгеге дейін пара алғаны дәлелденген.

Сот кезінде С.Полатов пен айыпталушы Ордабаев өз кінәларын толық мойындады. Өзгелері қылмыс жасамадық деп бас тартты. Егер шенеуніктер сот тағылған айыппен кінәлі деп табылса, онда бұл баппен олардың мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қарастырылған. Сондай-ақ параның 70 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаласы тағайындалуы мүмкін.