Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтеді

Шымкентте ауыл шаруашылығы өнімдерінің мерекелік жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері хабарлайды.

«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді жаңа жыл қарсаңында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне шақырамыз! Жәрмеңкеде сіздер дәмі тіл үйірер, экологиялық таза өнімдерді нарықтағы бағадан 20-30 пайызға арзан сатып аласыз!

Ұмытпаңыз! 30 желтоқсан күні сағат 9:00-де Асқаров көшесінде ең арзан ет және сүт өнімдері, жемістер мен көкөністер және де өзге де тұтынушы тауарлары сіздерді күтеді. «Шымкент плаза» ойын-сауық орталығының маңы» делінген хабарламада.

Ендеше, жаңа жылдық жәрмеңкеге келіп, мерекелік дастарханның сәнін келтіріңіз.

Өтетін уақыты: 30 желтоқсан күні сағат 9:00-ден бастап.

Шымкент қаласы, Асқаров көшесі бойындаү

Тел: + 7 /7252/ 29-00-13