Шымкентте медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

730
медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Шымкенттегі Абай саябағында елімізде алғаш рет медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды. Бұл аллея Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен және «Оңтүстік» медицина қызметкерлерінің қоғамдық бірлестігінің» бастамасымен бой көтерді.

медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

Аллея үш бөліктен тұрады. Бірінші таста Қазақстан Республикасы дәрігерлерінің антынан үзінді келтірілген.

медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

Екінші үлкен таста қазақтың алғашқы шипагері, 95 жыл ғұмыр кешіп, осыдан 525 жыл бұрын өмірден өткен, халқымызға өшпес мұра қалдырған, денсаулық саласында өз заманының тарланы болған Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының мүсіні орнатылған. Ал үшінші тас белгі өзгені құтқарамын деп өз жанын пида еткен медицина қызметкерлеріне арналған.

медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

Өткенді жаңғыртып, еске алатын ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Балабиев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық мәслихат депутаттары мен медицина қызметкерлерінің ардагерлері, облыстық, қалалық және аудандық ауруханалардың бас дәрігерлері, медициналық жоғары және орта білімді оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері қатысты.

медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

Бұл ескерткіш бүкіл Оңтүстік өңірінің медицина қызметкерлерінің ынтымағы мен бірлігін айғақтайтын символ екенін айтқан аймақ басшысы ескерткішті орнатуға үлес қосқан барша азаматтарға алғысын білдірді.

медицина қызметкерлерінің аллеясы ашылды

Демеушілердің есебінен салынған бұл аллеяға танымал сәулетші Асқар Мамырбаев, мүсінші Әбдікәрім Ахметов және құрылысшы Руслан Искақовтың еңбектері сіңді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі