Шымкентте шырша қайта қалпына келтірілді

585
Шымкентте шырша қайта қалпына келтірілді

Шымкентте шырша қайта қалпына келтірілді. Шаһардың басты алаңында жаңа жыл белгісі бой түзеді. Бірер күн бұрын соққан дауылдың салдарынан құлап қалған шыршаның орнына жаңасы орнатылған.

Шаһардың басты алаңында жаңа жылдық мереке басталып кетті. Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің мамандары таңертеңнен жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлаудың қамымен жүр. Шырша орнатып, оны әсемдеп жатыр.

Осыдан бірер күн бұрын Шымкенттің орталық алаңында бас шыршаның шамы жағуға облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың өзі қатысқан-ды. Кешке жиналған көпшілік «Жасыл шырша жағылсын» деген ұран айтып, қылқан жапырақты ағашты жарқыраған түрлі-түске бояды.

Дегенмен, 26 желтоқсан күнгі дауыл шымкенттік жұртшылықтың мерекелік көңілін су сепкендей басты. Екпінді жел 17 мерлікті шыршаны қиратып кетті. Дауылдың қатты соққаны сонша, шыршаны жармасыз етіп кетіпті.

Жаңа жылға санаулы күндер қалғанда құлаған шыршаның орнына 15 метрлік жаңа шырша бой түзеді. Осылайша орталық алаңға жиналатын шаһар жұртшылығы Жаңа жыл мерекесін шыршасыз қарсы алмайтын болды.

Мақпал Рысбаева