Шымкенттегі мерекелік жәрмеңкеде бақша өнімдері екі есе арзан сатылды

406
Шымкенттегі мерекелік жәрмеңкеде бақша өнімдері екі есе арзан сатылды

Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай азық-түлік тауарларына қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жәрмеңке түрінде өткізілген шарада тұрғындар тауарларды нарықтағы бағадан 2 есеге төмен бағада сатып алды.

Шымкенттегі мерекелік жәрмеңкеде бақша өнімдері екі есе арзан сатылды

Қаладағы баға саясатын тұрақтандырып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлаған акцияны облыс пен қала әкімдігі ұйымдастырып отыр. Мұнда 300-ге жуық кәсіпкер өз өнімдерін қала тұрғындарына арзан бағада ұсынды. Онда тек сатып алушыға ғана емес, тауар өндіруші мен шаруаға да қолайлы жағдай жасалды.

Қажетін алып, қаражатын үнемдеген халықтың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Себебі, жәрмеңкедегі тауардың бағасы көңіл қуантады. Мәселен, картоп пен сәбіз 50 теңгеден сатылса, қырыққабат 30 теңгеден саудаланды. Сондай-ақ, сиырдың еті 1050 теңге көлемінде болды.

Шымкенттегі мерекелік жәрмеңкеде бақша өнімдері екі есе арзан сатылды

Айта кетейік, Шымкентте бұл жәрмеңке апта сайын тұрақты түрде өтіп келген. Бірақ, бұл жолғы жәрмеңке Тұңғыш Президент күніне орай өткізіліп отырғандықтан, қойылған тауар түрлері еселеніп, бағасы екі есеге төмен саудаланды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі