Шымкент қаласындағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері жылуға ақы төлемейді. Қалалық әкімдік осындай шешім шығарды. Бұл туралы қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Нұрлан Бектұрсынов мәлімдеді.
Әкімдік өкілінің айтуынша, соғыс ардагерлері, оларға теңестірілгендер және соғыс ардагерлерінің жесірлері мен Ленинград қоршауында болған азаматтар жылуға төлемнен босатылды. Жалпы тізім бойынша 96 шымкенттік ардагер күткен меморандумға қол қойылыпты. Құжатқа сәйкес аталған санаттағы азаматтар 2017-2018 жылдарға арналған жылу беру маусымында тұтынған жылу үшін ақы төлемейді.