Сыныптасының көкесін өлтірген жігіт сотталды

397
Сыныптасының көкесін өлтірген жігіт сотталды

ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмысты істер жөніндегі сотында 19 жастағы жігітке қатысты сот үкімі оқылды. Ата-анасымен араздасып қалған айыпталушы сыныптасының көкесінің үйіне тұрақтайды. Екінші күні-ақ ол өз үйіне паналатқан 42 жастағы үй иесімен араздасып, ақыры өлтіріп тынады.

Ата-анасымен керісіп, үйінен кетіп қалған Петрді 42 жастағы жігіт ағасы өз үйінде паналатқан. Туысы аталған қылмыскердің сыныптасы болатын. Бірақ «аспен ұрғанды таспен ұрған» Петр үй иесінің басын темір құбырмен мылжалап, көкірек тұсынан пышақ сұғады. Сотта қаныпезердің қорғаушылары адвокаты мен өз әкесі болды. Тергеу кезінде сотталушы жігіт «Кісі өлімін мойындауға полицейлер мәжбүрледі» деген. Бірақ сот істің материалдарын қарап, нақты шешімге келді. Айыпталушы 11 жылға түрмеге қамалды.

Ділшат Каримовтың өлі денесі биылғы 26 тамызда Арыс қаласындағы өз үйінде табылған. Бас сүйек жарақаты мен кеудесіне бес рет қадалған пышақ жарақатынан көз жұмған. Сараптама қорытындысы осындай.

Сергей Артемов: «Мен үш рет ұлыма телефон соқтым. Еш жауап болмады. Үйіне жүгіріп бардым. Ұлымның өлі денесін таптым үйінен. Кіреберістен басқа бөлмеге тартқылағаны қан іздерінен көрініп тұрды. Төсек жамылғысына орап тастаған.»

Сол күні кешке-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түседі. Оны марқұмның көршілері байқаған. Айта кетейік, аталған процесті қарау барысында сот сауаттылық пен жұмысқа деген ыждахаттылық танытқаны үшін мемлекеттік айыптаушы Қанат Жүнісовтың еңбегін елеуді басшылығының назарына ұсыныпты. Ал аталған сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жанар Есенбекова