![Сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлығы бойынша ОҚО сотында кадрлық өзгерістер орын алды](https://kz.otyrar.kz/wp-content/uploads/2013/07/31-007.jpg)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің өкілдері Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаевты ұстады.
«Күдікті сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның танысынан 3 млн теңге алған. Енді О.Серікбаев жинақталған дәлелдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмысты кодексінің 190-бабының 3-бөлімі, 1,2-тармақтары бойынша жауапқа тартылатын болады» деп жазылған хабарламада. 22 желтоқсан күні Астана қаласының Есіл аудандық сотының санциясымен О.Серікбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.