Түркістан қаласының соты қамауға алынды

375
Сот алқасы төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату туралы Жарлығы бойынша ОҚО сотында кадрлық өзгерістер орын алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің өкілдері Түркістан қалалық сотының төрағасы О.Серікбаевты ұстады.

«Күдікті сотталушының жазасын жеңілдетіп беремін деп, оның танысынан 3 млн теңге алған. Енді О.Серікбаев жинақталған дәлелдерге сәйкес, Қазақстан Республикасының қылмысты кодексінің 190-бабының 3-бөлімі, 1,2-тармақтары бойынша жауапқа тартылатын болады» деп жазылған хабарламада. 22 желтоқсан күні Астана қаласының Есіл аудандық сотының санциясымен О.Серікбаев қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.