Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

728
Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Түркістан қаласында рәміздер алаңы ел игілігіне беріліп, еліміз бойынша биіктігі жағынан үшінші алып ту желбіреді. Ту тұғырының биіктігі  62,5 метрді құрайды. Ал байрақтың ені — 12, ұзындығы — 24 метр. Азаматтардың туған жерге және оның рәміздеріне деген құрметті арттыру, патриоттық рухын ояту мақсатында салынған алаңның салтанатты ашылуына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

— Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Тəуелсіздік алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі — рəміздеріміз бар. Оның біріншісі — елтаңба, екіншісі — әнұран, үшіншісі — көк байрақ, төртіншісі — қазақ тілі» деген сөзі бар. Сондықтан егемен еліміздің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным деп есептейтін әрбір азаматтың парызы деп есептеймін. Рәміздер — біздің ұлттық арымыз бен намысымыз. Ендеше бүгінгі ашылып отырған Рәміздер алаңына құрметпен қарап, намысымызды қорғай білейік дегім келеді, — деді облыс әкімі.

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Бекзат Саттарханов даңғылының бойында салынған алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері орнатылған және елдік мұратты меңзеген Елбасы мен қазақ елі қайраткерлерінің қанатты сөздері жазылған арнайы тас тақталар бар.

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

Рәміздер алаңын «Түркістан жарық тазалық» ЖШС салған. Нысан құрылысына жергілікті бюджеттен 230 миллион теңге бөлініп, қаржы толық игерілді, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Онда түрлі шағын архитектуралық формалар мен су бұрқағы, беседкалар, орындықтар, урналар, газондар мен гүл клумбалары орнатылып, декоративті ағаштар отырғызылған.

Түркістанда елдегі ең биік тулардың бірі орнатылды

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі