Финляндияда тағылымдамадан өткендер тәжірибелерімен бөлісті

573

Тәжірибеңмен бөліс. Финляндия елінде тағылымын арттырып келген ұстаздар тәжірибе алмасуда. Бүгін, №79 жалпы орта мектебінің директоры Ақтолқын Жайлаубаева әріптестері мен ұстаздарды жинап, өз тәжірбиесімен бөлісті.

«Финландия елінінің білім жүйесіндегі ерекшелектері» атты семинарға оқу орнының барлық мұғалімдері мен басқа да білім ошақтарының басшылары қатысты. Ақтолқын Жайлаубева оқушыларға мәселе қою арқылы оның шешімін өз бетінше ізденуге үйрету жолдарын тәтпіштеп жеткізді.

Сондай-ақ сандық технологиялар мен пәнаралық байланыстар туралы білімдерін арттыру жайында сөз қозғады. Сонымен қатар, екі бірдей жоғары оқу орнында білікті мамандардан дәріс алып, біздегі білім жүйесін дамыту жолдарын үйреніп қайтқандарын айтты.

Ал, семинарға қатысушылар көкейдегі сұрақтарын жолдап, қызықтырған сауалдарына жауап алды. Айта өтейік, 2017 жылы өңірімізден 5 мектеп директоры мен 4 мұғалім Финляндияда тағылымдамадан өтіп қайқан болатын.

Ақтолқын Жайлаубаева №79 жалпы орта мектебінің директоры: «Біз Финляндия мемлекетіне «Болашақ» бағдарламасымен бардық. Финляндия елінің білім жүйесінің ерекшелігі мынада екен. Бірінші — сананың ашықтығы, екіншісі — сенім, үшінші — еркіндік. Міне, осы үшеуі болған жерде барлық нәрсеге қол жеткізуге болады.

«Әуелі елді түзеймін десең, алдымен оқу бағдарламасын түзеу керек. Сол кезде билік, ел халық оқумен түзеледі» деп Ахмет Байтұрсынов атамыз айтып кеткен ғой. Осы сөзге және Елбасының саясатының дұрыстығына осы елде болған кезімізде көзіміз жетті. Біз міне жаңартылған білім жүйесімен жұмыс жасап жатқанымызға екінші жыл болды.

Ал, дәл осы білім жүйесі Финляндия елінде 1970 жылы басталып кеткен екен. Міне олардың жеткен жетістіктерінің ұшан теңіздігі осында. Біз енді-енді осы білім беру жүйесіні көшіп жатырмыз. Дегенмен, біздің ұстаздарымыз бен оқушыларымыздың мүмкіндігі олардан кем емес. Олардың жеткен жетістіктеріне біз 20 жылда жетуіміз мүмкін. Сондықтан соның барлығын көріп, Елбасының саясатының мықтылығына көз жеткіздік».