Шымкенттің білім жүйесіне Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі енгізіледі

425
shymkent.gov.kz

Шымкент қаласының мектептерінде енді Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық тәжірибесі қолданылады. Шымкент қаласының әкімі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы басқарма төрайымы Күләш Шәмшидиновамен кездесті. Басқосу барысында екі тарап Назарбаев Зияткерлік мектептерінің озық педагогикалық тәжірибелерін қаладағы басқа мектептерге ендіру және қаладағы инновациялық білім беру сапасын арттыру жайын сөз етті.

Қала әкімі бұл орайда зияткерлік дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін мысалға келтірді. Меморандум аясында қалалық білім басқармасына қарасты мектептердегі мұғалімдердің кәсіби дамуы мен білім беру мазмұнын жаңарту үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін негізге алу көзделіп отыр. Осы арқылы Шымкент шаһарының оқушыларыі бәсекеге қабілетті білім алып, жаңа технологияны меңгермек.

shymkent.gov.kz