Қаңтарда суға кеткен баланың денесі наурызда табылды

586

Биылғы жылдың 31 – ші қаңтарында Отырар ауданы Шәуілдір ауылында Арыс өзеніне абайсызда құлап кеткен 7 жасар жеткіншектің мәйіті табылды.

2011 жылы туған балақайдың денесін іздеуге ОҚО ТЖД «ОСО» МБ ның 5 қызметкері мен 1 техникасы және 1 жүзу құралы, ОҚО ТЖД «СП және АСР» МБ ның 4 қызметкері мен 4 техникасы, жергілікті ІІБ-ның 1 қызметкері мен 1 техникасы  жұмылдырылған еді.

Бір жарым айға созылған іздеу жұмыстарына суға кеткен жеті жасар жеткіншектің  алты туысы да атсалысқан. Ата – анасының өтінішімен құтқарушылар 7 рет іздеу жұмысын жүргізген. Баланың денесі 15 науырзда табылды.