Азаматтық істерді қарау электронды форматқа көшті

629

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында банк, шағын несие беру ұйымдарының заң қызметі басшылары мен өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Мәжілісті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Н.Оразғалиева жүргізіп отырды.

Отырысты ашу сөзінде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Н.Биболов ағымдағы жылдың 12 науырызынан бастап оңайлатылған тәртіптегі азаматтық істерді қараудың электронды форматқа көшірілгенін, аталған жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Негізгі баяндамашы  Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.Тәжіқұл мәжіліске қатысушыларды аталған санаттағы істерді электронды түрде жүргізу тәртібі мен ерекшеліктерімен таныстырды.

Пікір алмасу барысында еңбекші аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов, талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы Ә.Тұрғынбеков, ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы А.Мусаев банк және шағын несие беру ұйымдарынан қатысып отырған заңгерлерге өзара тығыз және түсіністікпен жұмыс істеудің қаншалықты маңызды екендігін атап өтті.

«Центр-кредит», «Еуразия» банктерінің заң бөлімдерінің басшылары көтеріліп отырған мәселенің өздері үшін де өзекті және маңызды екендігін атап, келешекте өзара тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтындарын білдірді.

Дөңгелк үстел қорытындысында Н.Оразғалиева қатысушыларға өз алғысын білдіріп,  істерді электронды нысанда қарауға белсенді түрде қатысу қажеттігі жөніндегі тілегін білдірді.