Бүгін Шымкентке «Боинг 737 Макс 8» ұшақтар сериясының алғашқысы келіп қонды

580

SCAT әуекомпаниясының жаңа «Боинг 737 Макс 8» әуе кемесі Қазақстанда тұрақты рейстерді жүзеге асыра бастады. Бүгін Шымкентке ұшақтар сериясының алғашқысы келіп қонды.

Осы сериядағы жалпы саны алты лайнерді сатып алу туралы келісім жылдың басында жасалған болатын. Ұшақ АҚШ-тың батыс жағалауындағы Сиэтл қаласынан (Вашингтон штаты) 10 000 шақырым. Қашықтықты он алты сағатта басып өтті. Жолда Рейкьявикке (Исландия) жанармай құюға ат басын тіреді. Жаңа «Боинг» салоны 186 жолаушыны емін еркін сыйдыра алады.

840 шақырым крейсерлік жылдамдықпен еш қонбастан Қазақстан және Еуропа, Азия аймақтарына 6 500 шақырымға дейін қашықтықты бағындыруға қабілетті.

SCAT әуекомпаниясы «Боинг-737 Max 8» ұшағының бірінші жоспарлы ұшуын алдағы күндері жүзеге асырады. Ұшақтың қолданысы билет бағасына және тарифтерге әсер етпейді деп сендіреді компания өкілдері.

840 шақырым крейсерлік жылдамдықпен еш қонбастан Қазақстан және Еуропа, Азия аймақтарына 6 500 шақырымға дейін қашықтықты бағындыруға қабілетті. SCAT әуекомпаниясы «Боинг-737 Max 8» ұшағының бірінші жоспарлы ұшуын алдағы күндері жүзеге асырады. Ұшақтың қолданысы билет бағасына және тарифтерге әсер етпейді деп сендіреді компания өкілдері.