Құрылыс заттарын ұрлаған күдікті құрықталды

584

Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті жердің 40-жастағы тұрғыны арызданған, онда белгісіз тұлғалар үйіне кіріп, тұрмыстық және құрылыс заттарын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 400 мың теңгеден астам болып отыр.

Оқиға орнына бірден Шымкент ҚІІБ Қаратау ПБ-нің ЖПҚ жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Полицейлер жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында «ізін суытпай» екі күдіктіні ұстады, олар 1972 және 1981 ж.т. алдын сотты болған Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Айғақты заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер ұсталғандардың басқа да осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы