Кентауда үшем дүниеге келді

782

Фатима, Зухра, Хурсан. Бұл Кентауда дүниеге келген үшемге берілген есім. Үшемдер 18 ақпанда дүниеге келген. Салмақтары да төмен болып туылғандықтан бүгінде үшем анасымен бірге Түркістан қаласының балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Зухра мен Хурсанның қазіргі жағдайлары жақсы. Ал салмағы бір келіге де жетпейтін Фатима дәрігерлердің бақылауында. Қала әкімдігінен арнайы мамандар барып, сәбилер мен олардың анасының жағдайын біліп қайтты.

Үшемді өмірге алып келген Дилфуза Шәмшиеваны Қарнақ ауылы әкімінің орынбасары Қайрат Ахметов қала әкімі атынан арнайы құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі