Түркістан облысы Кентау қаласының тұрғыны 16 жастағы Дамир Сүлейменнің із-түссіз жоғалып кеткеніне 23 күн болды. Полиция дерегіне қарағанда, жасөспірім 9 наурыз күні үйінен шығып, қайта оралмаған. Полиция мен туыстары іздеуді жалғастырып жатыр. Ол туралы кез-келген ақпарат маңызды дейді тәртіп сақшылады. Мұны ескерген мамандар азаматтарды бірлесіп әрекет етуге шақырды.
«Полиция жоғалған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, 8-775-000-02-11, 8-705-311-78-53 нөмірлеріне немесе “102” арнасына хабарлауды сұрайды»
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ
Дилара Иса






