199 дана атыс қаруы тапсырылды

615

Оңтүстік Қазақстан облысының ІІД полиция қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап облыс аумағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрғындардағы заңсыз сақтаулы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция жүргізілуде.

Аталған акцияның өткен 25 тәулігінде облыс көлемінде 123 азамат ерікті түрде 199 дана отты атыс қаруын тапсырған. Соның ішінде 31-і ойық ұңғылы қару, 166-і тегіс ұңғылы қару және 2 –травматикалық тапанша.

Тұрғындардан қару-жарақтарды сатып алуға ОҚО-ға Үкімет тарапынан 17 миллион 534 мың теңге бөлінген. Оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері тұрғындардан қару сатып алу акциясын бұдан әрі де жалғастыратынын хабарлайды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы