Шымкент қаласында мемлекеттік «2-10-20» және «5-10-20» баспана бағдарламалары аясында жаңа үйлерге өтініштер қабылдау басталады.
Бес қабатты Ақжайық шағынауданында орналасқан.
Жалпы пәтер саны – 780:
1 бөлмелі 260 пәтер (максималды ауданы – 42,8 ш.м.);
2 бөлмелі 260 пәтер (60,6 ш.м.);
3 бөлмелі 260 пәтер (81 ш.м.).
Өтініштер 2026 жылғы 16 ақпан мен 10 наурыз аралығында қабылданады. Ал қатысушыларды іріктеу 16 наурызға дейін жүреді.
Пулға қатысу үшін өтінішті otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында беруге болады.
Өтініштер үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған Банк салымшыларынан ғана қабылданады.
Өтініш берушілерге қойылатын талаптар, құрылыс нысанының толық сипаттамасы, оның ішінде ғимарат қасбеттерінің фотосуреттері және үйдің орналасуы туралы мәлімет otbasybank.kz порталында жарияланған.
Қосымша ақпарат алу үшін 300 нөміріне хабарласуға болады.







