ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев БЖЗҚ салымшылары не себепті зейнетақы жинақтарын «7-20-25» бағдарламасына салу үшін пайдалана алмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды inform.kz.
«Осы жағдайда Ұлттық банк бұндай идеяны мүлдем қолдамайды. Азаматтар БЖЗҚ-да жинаған қаржы олардың зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін өмір сүру қабілеттігін қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, бұл қаржы адамдардың қазіргі әлеуметтік проблемаларына ескерілмеген. Дәл қазір аталған идеямен келіспейміз, сәйкесінше ешқандай қадамдарды қарастырған жоқпыз», — деді Ақышев Сенаттағы парламенттік тыңдауда.
Бұдан бөлек ол ҚР Ұлттық банкі 2018 жылы облигациялық бағдарламаны іске қосатынын айтты. «Қор жинауды кеңейтудің екінші элементі — ол облигациялық бағдарлама. Оны біз 2018 жылы іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ол банктердің қаржы тетіктеріне және корпоративті қазақстандық эмитенттеріне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестицияларын қарастырады. Біз 200 млрд теңгеге тарта соманы болжам отырмыз», — деді Данияр Ақышев.
Осы орайда ол банктерге қаржы бөлу шаралары тек ашық негізде іске асырылатынын атап өтті.