Сарыағаш ауданында заңсыз салынған 35 нысан бар

512

Сарыағаш ауданында 35 заңсыз нысан бар. Оның төртеуіне қатысты іс бүгінде сотта қаралып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебевтың іс сапарында айтылды. Түйіткілді нысандардың бірқатарын көзбен көрген өңір басшысы әрекетсіз отырған жергілікті билік өкілдерін сынға алды.

Бұл іс сапар жоспарынан тыс нысан. Халықтың көкейіндегі мәселемен етене танысу үшін көпшілік шоғырланған жер Халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Ондағы көрсетіліп жатқан қызметтермен танысты.

Ал орталық сыртындағы ахуал өңір басшысының көңілінен шыға қойған жоқ. Мұндағы заңсыз құрылысқа қынжылған Түймебев мырза осынау ретсіздікке көз жұма қарап отырған аудан әкімін сынап, ескерту жасады.

Бұл жер де іс сапар жоспарында болмаған. Кенеттен Қапланбек кеден бекеті аймағына тоқтаған өңір басшысы «Бұл орын қай ғасырда қалып кеткен?» деп таңданды. Тозығы жеткен нысандар. Заңсыз сауда нүктелері. Ретсіздік. Көрші елмен шекаралас жатқан бекеттің бүгінгі сыйқы осы.

Іс сапар кестесінен ауытқыған өңір басшысы жол-жөнекей ескертусіз бірнеше нысанға ат басын бұрды. Халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Ескертті! Аудан басшылығы облыс әкімінің сынынан қашан нәтиже шығарады?