Шымкентте емхана аумағында ер адамның мәйіті табылды

599

 Сәуірдің 29 — на Шымкент қаласындағы емханалардың бірінің аумағынан ер адамның мәйіті табылған. Алдын ала белгілі болғанындай, ер азаматтың мәйітін қарау барысында ешқандай зорлық зомбылық белгілері болмаған.

«Аталған дерек Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық Полиция бөлімінде тіркелді. Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде» — дейді ОҚО ІІД басқарма басшысы С.Қаракөзова.