Бүгін қорғасын зауыты маңындағы өткел қиратылды. Апатты деп танылған нысандағы жұмысты жүргізген қала әкімдігінің мамандары ҚТЖ АҚ-дан арнайы рұқсат алған. Рұқсат берілген екі жарым сағат ішінде арнайы техника көпірді бұзып бітуі тиіс.
Осы уақыт аралығында кестеге өзгеріс енгізіп, поездардың жүруі уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытқа дейін көпірдің алғашқы бөлігі алынып, жерге түсірілді. Мұнда әлі жұмыс жалғасып жатыр.
Еске салайық, Кеңес одағы кезінде елге қажетті қорғасынның 70 пайызын өндірген кәсіпорын тамтығы қалмай қирап бітті. Ендігі қалғаны зауыт пешінің үш мұнарасы. Оны да құлатуға шешім шығарған жауаптылар қажетті маманды күтіп отыр.
Нұрлан Күдерұлы