Шымкент әкімі кезекті қаладағы құрылыс алаңдарын аралау барысында Қонаев даңғылы жалғасының құрылыс жұмыстарын бақылады. «Ескі қалашық» аумағында құрылыстың ІІ кезеңіне сәйкес жұмыстар жүріп жатыр. Мердігер – «Сити Строй» корпорациясы.

Қазіргі таңда мұнда жер негізін жасау жұмыстары жүзеге асуда, жол өтпесінің 12 бағанасы орнатылған. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі бөлігі қарастырылған.

Осы уақытқа дейін 29 жекеменшік үй және 1 кәсіпкерлік нысан бұзылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет. Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынбауы құрылыс қарқынын төмендетіп отыр.

Осыған орай шаһар басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі