Медицина мамандары мен спортшылар марафонға қатысты

572

«Жақсы әдеттер ұранымен!». Шымкентте осындай атаумен салауатты өмір салтына бағыттауға арналған марафон өтті. Спорттық шарада медицина мамандары, ІІД қызметкерлері мен спорт мектептерінің жас спортшылары қатысып, үш шақырым жолды жүгіріп өтті.

Марафонға қатысушылар медицина мамандары мен спорт мектептерінің жас спортшылары. Марафонның старты Қ. Төлеметов көшесіндегі Дендросаябаққа кіретін қақпаның алдынан бастау алды. Спорттық шараға қатысушылар схемаға сәйкес 3 шақырым жолды «Жас жұбайлар Аллеясына» дейін жүгіріп келді.

Жалпы алғанда марафонға қатысушылар күннің ыстығында үш шақырым жолды артқа тастады. Шара облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан. Салаға жауаптылар марафонды арнайы бүгін, яғни 26 маусым халықаралық «Нашақорлық пен заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес» күніне орай ұйымдастырылды.

Айта кетейік, спорттық шара «Жақсы әдеттер марафоны!» атауымен басталған республикалық айлық аясында өтті. Марафонның екінші кезеңінде қатысушылар есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы оқу жаттығу қызметкерлері дайындаған қойылымдар мен спорттық, концерттік бағдарламаларды тамашалады.

Фарида Байзақова, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры: «2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде 26 маусымда, жыл сайын, «Халықаралық нашақорлық пен заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес күні» және соған орайластырылған 2018 жылы 1 маусым мен 1 шілде аралығындағы «Жақсы әдеттер марафоны!» ұранымен республикалық айлық өтуде. Мұндай шара облысымыздың барлық аудандарында, халық арасында спорттық шаралармен аталып өтіп жатыр. Мақсатымыз жастарды салауатты өмір салтына баулып, есірткі сынды жаман әдеттерден арылту».

Негізгі мәдени, спорттық қойылымдар Аллеяда сахнада өтеді. ОҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы оқу – жаттығу қызметкерлері дайындаған қойылымдар, спорттық, концерттік бағдарламалар өтеді.