Шымкентте бір тәулікте 27 оқыс жағдай тіркелген

Ауа – райы ысығалы бері төтеншеліктерге өрт оқиғасы бойынша шақыртулар көбейген. Бір тәулікте 30 шақыртуға барған мамандар дабыл қағып отыр. Оқыс жағдайдағы шақыртулардың бірі Шымкент қаласындағы Оразбаев көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірінен түскен. Мұнда баспанадан өрт шыққан.

Абырой болғанда бұл өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқыс оқиға кезінде құтқарушылар үйдің ішінен 50 литрлі газ балонын алып шыққан. Қазір өрт оқиғасының шығу себебін төтеншеліктер анықтап жатыр. Мамандардың айтыунша демалыс күндері көбіне даладағы өрт оқиғасы бойынша шақырту жие түседі.


Статистикалық мәлімет бойынша соңғы бір тәулікте 27 оқыс жағдай тіркелген. Оның басым бөлігінде құрғақ шөптер өртенген. Оқыс жағдайларды алдын алу үшін мамандар сақтық шараларын күшейтуге кеңес береді.