Шымкенттік бапкерлер 6 млн. теңге жымқырған

31
фото qazaqstan.tv

Шымкентте 6 млн. теңге мемлекет қаражатын заңсыз жымқырған 2 бапкер сотталды.

Олар 2 жыл бойы белбеу күресінен спортшыларды басқа қалаларға оқу-жаттығу жиындарына барды деп жалған жол жүру құжаттарын өткізген. Қылмыстық әрекеті сот барысында дәлелденіп, жаттықтырушылар 1 және 2 жылға бас бостандығынан шектелді.

«Сот талқылауы барысында жаттықтырушылар 2022 жылдан 2023 жылға дейінгі мерзім аралығында спортшылардың Алматы, Тараз қалалары мен Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына барғаны туралы жалған жол жүру құжаттарын ұсынып, 6 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырғаны анықталды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді», – дейді Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры Жанерке Атыкова.